вторник, 28 апреля 2015 г.

Ұлы ақын есімінде

АБАЙ КӨШЕСІ  - қала орталығындағы ең ұзын көшелердің бірі. Бұл көше бойында «Қарлығаш» балалар шипажайы, «Қаратал» емханасы, «Қазақмыс» корпорациясының бас ғимараты, №11 қазақ орта мектебі, мемлекеттік өрт сөндіру қызметі, қазақүрік лицейі, №6 және 9 кәсіптік-техникалық мектептері, «Әмбебап» сауда дүкені орналаскан. Көше абаттандырылып, көгалдандырылған. Негізінен 1-2 және 5 қабатты үйлер бой түзеген. Көше атауы еңбекшілер депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1958 жылғы 12 ақпандағы № 49 шешімімен қазақтың атақты ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған. Көшенің жалпы ұзындығы 3200 метр, асфальтталған.


3 комментария:

  1. Қаламызға Абай атамыздың ескерткішін орнатса нұр үстіне нұр болар еді. Көше жайлы да ақпарат бергендеріңіз дұрыс болған. Менің ойымша пайдалы ақпарат

    ОтветитьУдалить
  2. Бар қазақтың данасы, Ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы Абай Құнанбаевтың қазақ тарихында алар орны ерекше. Қаламызда көше аты ғана емес, үлкен ескерткіш тұрғызсақ та артық емес. Ұлы философ, саяси қайраткер ретінде Ұлы баба осыған лайық.

    ОтветитьУдалить