Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ- сі М.Әуезов атындағы кітапхана филиалының «Жас толқын» поэзия клубының мүшесі
ФАЗЫЛ МӨЛДІР
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында
1999 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Медицина колледжінің ІІ-курс студенті. Тіл
мерекесіне байланысты өткізілген “Сөз
мерген” атты сайыста І-орынмен марапатталды.
Абай Құнанбаев
170 жыл
Қанша ғасыр өлмей, өшпей жасап келген,
Бірге жүрер есіміңіз қазақ пенен,
Сізді біз ешқашанда ұмытпаймыз,
Поэзиядан мызғымас жол сап берген.
Оқып өссек сіздей асыл дараларды,
Толысар еді әрбір қазақ саналары
Әр халықтың өзіндік бір даналары
Сіздей дара, дана болып саналады.
Біз оқимыз өшпейсіз сіз әрине,
Сіз арқылы таныламыз біз бәріне,
Бүгін міне 170 жыл өтсе дағы,
Оқып жүрміз ұмытпадық әліде.
Бүгін міне көше ауыл мектебіміз,
Соған дәлел өлмей келіп жеткеніміз.
Тіпті шетел ескерткішті қойып жатыр
Әрине ол өзіңіздің
еңбегіңіз
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ- сі М.Әуезов атындағы кітапхана филиалының «Жас толқын» поэзия клубының
мүшесі
мүшесі
ҚАЙРУЛЛИНА МАДИНА ҒАЗИЗҚЫЗЫ
1998
жылы 23 маусымда Жезқазған
қаласында дүниеге келген. Медицина колледжінің ІІ-курс студенті
Қазақтың ұлы ақыны
Алтын құрсақ Ұлжаннан туған тыл тұлға,
Сөзіне шешен Зереден өскен кемеңгер.
Ерлікпен зергек өскен телқара,
Қазір де міне, қазаққа ұлы қайраткер.
Парасатпенен алғыр ойдың иесі,
Шыншылдық пен рақымдықтың кемесі
“Атадан алтау, анадан төртеу” үй тұғын,
Адалдық пен еңбекқордың мекені.
Халықпен Абай арасы махаббаты жалғасар,
Қара сөзге дес бермеген, әрбір сөзі ой салар.
Тілі орамды, өнері шебер, кестесі көркем дананың,
Әрбір сөзі мың жасаса, шырыны кетпес сусындар.
Абай – дана, Абай – дара, қалдың мына қазақта,
170 жыл толып отыр кемеңгер біздің ақынға.
Дүниеге келер ма екен ұлы хакім Абайдай?
Пір тұтарың, тыныштық берсін, қадірің сенің артуда.
Бес нәрсеге асық бол
Жұмағалиева Азиза
8 «А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы
с.Кеңгір
Талап
Байқасаң қарап,
Биік қой талап.
Қандай іс болсын,
Қаласың жарап.
Кәрім
Айбану
7 «А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы
с.Кеңгір
Еңбек
Көп еткен еңбек,
Қиынды жеңбек.
Етсең бір еңбек,
Маңдайын терлеп.
Тарайды бойға ас,
Көңілің өрлеп.
Қожамсейтов Дарын
8 «А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы
с.Кеңгір
Терең ой
Терең ой тербеп,
Отырсаң сергек
Жадырар жаның
Куаныш кернеп!
Мазаласа терең ой,
Дәптеріңе жазып қой.
Қалмау үшін өмірден,
Ертеңіне азық қой.
Абишева
Аружан
6«А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы
с.Кеңгір
Қанағат
Қанағатты адам болсаң ойлап қой,
Тәубе қылып мөлшеріңе қарап қой.
Рақымшылық етіп әрбір күніңе,
Алла құлы екеніңді біліп қой.
Жер жаһанды аралап,
Жазықсызды жаралап.
Алмау үшін адамға,
Керек екен қанағат.
Рахым
Білімнің
жағып шырағын ,
Көзін ашып тұманның.
Жан біткеннің бәріне,
Жасау керек рахым!
Бес асыл іс
Талаптыдай
таудай ақыл ойлап көр,
Еңбекшілдей ерінбестей ер боп көр.
Терең ойлап әрбір істің байыбын.
Ақылменен, еңбекпенен байқап көр.
Бес нәрседен қашық бол
Байқоңыров Қалдыбай Елтіндіұлы
Қазіргі таңда
зейнеткер. №3 кітапхана – филиалының оқырманы ст.Теректі.
Өтірік өрге баспас өрілгенмен,
Өсектің жолы қысқа өмірінен,
Мақтаншақ өркөкірек орға жығар,
Бәрінен білімді озар ғылым білген.
Еріншек еңбекке жоқ еш икемі,
Жандар бар мына өмірде кем
секілді,
Дайын ас той-томалақ арзан
күлкі,
Осылай сайран салу бар білгені.
Бізге жат осы мінез
қалыптасқан,
Ұлы – Абай заманында жырға
қосқан,
Оянып –ойланатын кезің келді,
Қазағым кем емессің өзге
ұлттан.
Таңатар Диана
5 сынып оқушысы
№3 кітапхана-филиалының оқырманы ст.Теректі
Өнер таппай мақтанба,
Өсек айтып шаттанба.
Мақтаншақтық жатқылық,
Мақтанып текке баптанба.
Өтірік өрге баспаған,
Бабамыз өтірік айтпаған.
Еріншектік жат қылық,
Жалқаулық алға баспаған.
Өсек аяң қаңқу сөз,
Жамандыққа болар кез.
Ойланып сөйлеп отырсаң,
Жақсылық болар ол әркез.
Осының бәрін саралап,
Ақын Абай атамыз.
Атамыздың ойларын,
Әрқашан жатқа айтамыз.