Абай Құнанбайұлы 175 жыл



      Абайдың 175 жылдық мерейтойының мемлекеттік деңгейде атап өтілуіне баланысты №7 мектеп - лицейіңің 1"Ә" сынып оқушыларымен, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Адамзаттың Абайы» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты – дана Абайдың тағылымын оқырмандардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой толғамдарын кеңінен дәріптеу. Шара барысында балалар Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді.



                 М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында өткен ұлы кемеңгер, ойшыл ақын, қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына -175 жыл толуына орай «Әлем таныған-Абай» атты тұлға көрмесі ұйымдастырылды. Үш бөлімнен тұратын бұл көрменің бірінші бөлімі «Аbai eli» деп аталып, оған ұлы тұлғаның туған жері , өскен елі, балалық шағынан сыр шертетін кітаптар мен фото шежірелер, баспа беттерінде жарияланған мақалалар қойылса, екінші бөлімі кигіз үй макеті жасалып, оған Абай өлеңдері, қара сөздері, әлем клласиктерінің Абай туралы айтқан сөздері жазылды. «Әлем таныған Абай» бөліміне Абай электронды кітаптары мен Ж. Ысмағұл «Абай. Даналық дәрістер» , Д.Омаров «Абайдың рухани мұрасы», О.Сәбден «Абай және қазақ елінің болашағы» кітаптары қойылып, оқырмандарға насихатталды. Кітапхана оқырмандары кітапханада ойнап тұрған Абай өлеңдерін тыңдап, Абайдың қара сөздерін бойларына сіңірді. Абай кітаптарынан жасалған кітаптар инстоляциясын тамашалады.


                    Айтбаева Айдана - М.Әуезов атындағы кітапхана - филиалының кітапханашысы
                         Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби эстафета



Қыдырманова Ақнұр - №2 үлгілі  кітапхана- филиалының меңгерушісі 
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби эстафета



М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалының оқырманы, "Жас толқын" поэзия клубының мүшесі Қожахмет Айнұр Бектасқызы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафета



Бірәлі Әсел - Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы



Камалбек Жұбан Жарқынбекұлы 2 кітапхана-филиалының белсенді оқырманы және "Отбасы"клубының мүшесі



"Жас толқын поэзия"клубының мүшесі Кенышева Аида Мақсатқызы


Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 0-4 сынып абонементінің оқырманы 
Қамалбек Жұбан. Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі




Комментариев нет:

Отправить комментарий