вторник, 30 июня 2015 г.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Орталықтандырылған кітапханалар  жүйесі КММ- сі  М.Әуезов атындағы  кітапхана филиалының «Жас толқын» поэзия клубының мүшесі



  ФАЗЫЛ  МӨЛДІР


 Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында 1999 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Медицина колледжінің ІІ-курс студенті. Тіл мерекесіне байланысты  өткізілген “Сөз мерген” атты сайыста І-орынмен марапатталды.





Абай Құнанбаев 170 жыл

Қанша ғасыр өлмей, өшпей жасап келген,
Бірге жүрер есіміңіз қазақ пенен,
Сізді біз ешқашанда ұмытпаймыз,
Поэзиядан мызғымас жол сап берген.
Оқып өссек сіздей асыл дараларды,
Толысар еді әрбір қазақ саналары
Әр халықтың өзіндік бір даналары
Сіздей дара, дана болып саналады.
Біз оқимыз өшпейсіз сіз әрине,
Сіз арқылы таныламыз біз бәріне,
Бүгін міне 170 жыл өтсе дағы,
Оқып жүрміз ұмытпадық әліде.
Бүгін міне көше ауыл мектебіміз,
Соған дәлел өлмей келіп жеткеніміз.
Тіпті шетел ескерткішті қойып жатыр
Әрине  ол өзіңіздің еңбегіңіз




Орталықтандырылған кітапханалар  жүйесі КММ- сі  М.Әуезов атындағы  кітапхана филиалының «Жас толқын» поэзия клубының 
мүшесі



        ҚАЙРУЛЛИНА МАДИНА ҒАЗИЗҚЫЗЫ



1998 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында дүниеге келген. Медицина колледжінің ІІ-курс студенті






Қазақтың ұлы ақыны

Алтын құрсақ Ұлжаннан туған тыл тұлға,
Сөзіне шешен Зереден өскен кемеңгер.
Ерлікпен зергек өскен телқара,
Қазір де міне, қазаққа ұлы қайраткер.
Парасатпенен алғыр ойдың иесі,
Шыншылдық пен рақымдықтың кемесі
“Атадан алтау, анадан төртеу” үй тұғын,
Адалдық пен еңбекқордың мекені.
Халықпен Абай арасы махаббаты жалғасар,
Қара сөзге дес бермеген, әрбір сөзі ой салар.
Тілі орамды, өнері шебер, кестесі көркем дананың,
Әрбір сөзі мың жасаса, шырыны кетпес сусындар.
Абай – дана, Абай – дара, қалдың мына қазақта,
170 жыл толып отыр кемеңгер біздің ақынға.
Дүниеге келер ма екен ұлы хакім Абайдай?
Пір тұтарың, тыныштық берсін, қадірің сенің артуда.


Бес нәрсеге асық бол



Жұмағалиева Азиза

8 «А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы с.Кеңгір






Талап
Байқасаң қарап,
Биік қой талап.
Қандай іс болсын,
Қаласың жарап.



Кәрім  Айбану

7 «А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы с.Кеңгір






Еңбек
Көп еткен еңбек,
Қиынды жеңбек.
Етсең бір еңбек,
Маңдайын терлеп.
Тарайды бойға ас,
Көңілің өрлеп.



Қожамсейтов Дарын

8 «А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы с.Кеңгір






Терең ой
Терең ой тербеп,
Отырсаң сергек
Жадырар жаның
Куаныш кернеп!
Мазаласа терең ой,
Дәптеріңе жазып қой.
Қалмау үшін өмірден,
Ертеңіне азық қой.




Абишева  Аружан

6«А» сынып оқушысы
№5 үлгілі кітапхана-филиалының оқырманы с.Кеңгір





Қанағат
Қанағатты адам болсаң ойлап қой,
Тәубе қылып мөлшеріңе қарап қой.
Рақымшылық етіп әрбір күніңе,
Алла құлы екеніңді біліп қой.

Жер жаһанды аралап,
Жазықсызды жаралап.
Алмау үшін адамға,
Керек екен қанағат.

Рахым
Білімнің  жағып шырағын ,
Көзін ашып тұманның.
Жан біткеннің бәріне,
Жасау керек рахым!  

Бес асыл іс

Талаптыдай  таудай ақыл ойлап көр,
Еңбекшілдей ерінбестей ер боп көр.
Терең ойлап әрбір істің байыбын.
Ақылменен, еңбекпенен байқап көр. 




Бес нәрседен қашық  бол


 



Байқоңыров Қалдыбай Елтіндіұлы 

 Қазіргі таңда зейнеткер. №3 кітапхана – филиалының оқырманы ст.Теректі.
   




Өтірік өрге баспас өрілгенмен,
Өсектің жолы қысқа өмірінен,
Мақтаншақ өркөкірек орға жығар,
Бәрінен білімді озар ғылым білген.

Еріншек еңбекке жоқ еш икемі,
Жандар бар мына өмірде кем секілді,
Дайын ас той-томалақ арзан күлкі,
Осылай сайран салу бар білгені.

Бізге жат осы мінез қалыптасқан,
Ұлы – Абай заманында жырға қосқан,
Оянып –ойланатын кезің келді,
Қазағым кем емессің өзге ұлттан.










Таңатар Диана
5  сынып оқушысы

№3 кітапхана-филиалының оқырманы ст.Теректі




Өнер таппай мақтанба,
Өсек айтып шаттанба.
Мақтаншақтық жатқылық,
Мақтанып текке баптанба.

Өтірік өрге баспаған,
Бабамыз өтірік айтпаған.
Еріншектік жат қылық,
Жалқаулық алға баспаған.

Өсек аяң қаңқу сөз,
Жамандыққа болар кез.
Ойланып сөйлеп отырсаң,
Жақсылық болар ол әркез.

Осының бәрін саралап,
Ақын Абай атамыз.
Атамыздың ойларын,
Әрқашан жатқа айтамыз.




четверг, 21 мая 2015 г.

«Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым»

Кенжебай Карбозұлы ешуақытта да сарқылмас, тереңдіктің тағылы –Ұлы Абай әлеміне драма жанры арқылы барлау яғни Абайдың 150 жылдығында оның     «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым» драмасының  республикалық театрлар фестивалінде Бас жүлде иеленгені баршаға аян. Аталмыш туынды Абай әлемін зерттеуге үлес қосты. Сонымен бірге Әуезовтану ғылымына жаңалық әкелді десек, артық айтқандық болмас. Драманың ұзына – бойына жымдаса орналасқан қайталанбас тұлғалар, кесек мінездер, көрерменді толғантатын, ойлантатын ауқымды тартысқа негізделген оқиғалар, тың шешім шығармаға философиялық рең дарытқан. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық театрының орындауында «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым» қойылымын ұсынамыз.

вторник, 28 апреля 2015 г.

Ұлы ақын есімінде

АБАЙ КӨШЕСІ  - қала орталығындағы ең ұзын көшелердің бірі. Бұл көше бойында «Қарлығаш» балалар шипажайы, «Қаратал» емханасы, «Қазақмыс» корпорациясының бас ғимараты, №11 қазақ орта мектебі, мемлекеттік өрт сөндіру қызметі, қазақүрік лицейі, №6 және 9 кәсіптік-техникалық мектептері, «Әмбебап» сауда дүкені орналаскан. Көше абаттандырылып, көгалдандырылған. Негізінен 1-2 және 5 қабатты үйлер бой түзеген. Көше атауы еңбекшілер депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1958 жылғы 12 ақпандағы № 49 шешімімен қазақтың атақты ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған. Көшенің жалпы ұзындығы 3200 метр, асфальтталған.


вторник, 14 апреля 2015 г.

Өлке ақындарының толғауы


Ахметов Кенжебай Карбозұлы 


Кенжебай Кaрбозұлы Ахметов – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент – мүшесі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы.  1963 жылы 17 наурызда дүниеге келген.    1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде Бас жүлде иеленген «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым» қойылымының әдеби нұсқасының , «Алағай да бұлағай бір дүние» атты прозалық жинақтың, бірнеше оқу құралы мен ғылыми мақалалардың,1 электронды оқулықтың авторы.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бастамасы бойынша шығарылып жатқан «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары қатарынан «Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы» аталатын 4 томдықтың үшінші (жартылай) және төртінші томдарын (2008-2009 ж.ж.), «Ежелгі Шығыс әдебиеті» жинағын (2010ж.), Дж.Боккачоның «Декамерон» новеллалар кітабін (2011) аударған. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі ұйымдастырған тұңғыш Ұлттық «Астана - Бәйтерек» конкурсының лауреаты (2003 ж.), Республикалық әдеби – көркем «Жалын» журналының Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлығының лауреаты (2006ж.), Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалінің иегері (2006ж.), республикалық жазба ақындардың «Бір өлең – бір әлем» мүшәйрасының жүлдегері (2007ж.). 2012 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген Кенжебай Ахметовтің «Қоныр күй» өлеңдері мен балладасы жинақталған кітабына енген «Абыз Абай» өлеңін ұсынамыз.


  

Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы 

Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы  1973 жылы 13 наурызда Ұлытау ауданы Алғабас совхозында дүниеге келген. Айтыскер ақын, Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағаттың директоры, өлкетанушы.  1990-1995 жылдары Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Бағдат Тілеуліұлы есімі «СарыАрқаның» оқырмандарына жақсы таныс. Бастапқыда, яғни, оқушы күндерінен ол «Ұлытау үні» фестивалінің шеңберінде өткен ақындар айтысында «Қырғи тілді» ақын ретінде өлең сүйер қауымға етене танылды. 1989-1997 жылдар аралығында Жезқазған аймағына айтыскер ақын ретінде танылған. 1991 жылы «Отырар-Ұлытау кіші Жібек жолы» бағытындағы экспедиция Ұлытауға келгенде  қарсы алу шарасына қатысып, арнау жырын арнаған. 1998, 2003 жылдары «Бұланты-98» және «Таңбалы-2003» ғылыми-этнографиялық экспедицияларын ұйымдастыруға ат салысқан. 2007 жылы  өлкетану бағытындағы «Ұлытау-Жезқазған тарихы қазақ шежіресінде» атты жеке тектік қордың қалыптастырушысы. 2010 жылы мұрағаттар саласындағы алғашқы онлайн конференциясын  ұйымдаструшысы. 2011  жылы дәстүрлі өлкетанушы С.Бүкіров оқуларының аясында тұңғыш рет Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырушысы. Араға жылдар салып көкірегі ояу, көңілі ашық азамат жазбаша өлеңге ауысып, бұл  майданда да» өзіндік өрнегі, үні бар ақындығын танытып үлгерді. 1990 жылдардың басынан бері әртүрлі деңгейдегі мүшайра жыр жарыстарының жүлделі орындарынан көрініп келеді. 2003 жылы Жезқаған қаласындағы «Полиграфия» ААҚ-нан «Көңілімнің кәусары» атты жыр жинағы жарық көрді. Өлеңдері жергілікті «Сарыарқа», «Мысты өңір» газеттеріне, «Ән арқауы – Жезқазған» (2014 ) жинағына енгізілген. Бағдат Тілеуліұлының «Абаймен сырласу» өлеңін ұсынамыз


Байқоңыров Қалдыбай Елтіндіұлы




Байқоңыров Қалдыбай Елтіндіұлы  1958 жылы 1 мамырда туған. Теректі ауылының тұрғыны. Теректі станциясында дефектаскоп – операторы болып жұмыс атқарған. Қазіргі таңда зейнеткер. Жезқазған қаласының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасына қатысқан. Қалдыбай Елтіндіұлы  өлеңге құштар азаматтардың бірі. Көңілін тербеген ойларды өлеңге айналдырып жүреді. Айта кетсек: «Туған жер», «Жұмбақ жолдар», «Былдыр тіл», «Ерке Қайрат» т.б өлеңдердің авторы. «Жерұйығым – Жезқазған» өлеңі 2014 жылы Алматы: «Классика» ЖШС баспасынан жарық көрген «Ән арқауы, жыр арқауы – Жезқазған». Өлеңдер мен әндер жинағына енгізілген. Қалдыбек Елтіндіұлының «Мұстафа ӨЗТҮРІК», «Абай» өлеңдері 2015 жылғы 27 ақпандағы «Сарыарқа» газетіне жарияланған. 


Достанбекова Қамажай Бектасқызы 


Достанбекова Қамажай Бектасқызы 1949 жылы Жезқазған кентінде  дүниеге келген. Өлеңді мектеп қабырғасынан бастап жазған. Абай атындағы  Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  қазақ тілі мен әдебиет  мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған.
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері медалімен марапатталған. Жезқазған медициналық колледжінің оқытушысы Қамажай Достанбекова есімі жыр сүйер қауымға ертеден таныс. Оның  жырлары жергілікті  «Сарыарқа», «Жезказганский вестник» газеттерінде үзбей жарияланып тұрады. Республикалық басылымдар да Қамажай Бектасқызы жырларына орын беріп отырды. Өзіндік әдемі бір иірімдері бар ақын жырларына белгілі ақын Тұманбай Молдағалиев өте жоғары баға беріп, өлең өлкесіндегі қадамына сәттілік тілеген. Қамажай Бектасқызының тақырып ауқымы да сан алуан. Өз өлеңдерімен қатар басқа әріптестерінің жырларын қазақ тілінде сөйлетуді де назардан тыс қалдырмаған. Бұл ретте ол танымалы ақын Зүлфа Сүпиянқызы Чумакованың «Өрісімнің шеңберінде жүремін», «Менің өлеңдерім», «Шіркін көңіл», «Жалғыздық» т.б жырларын қазақ тілінде көптен бері аударумен айналысып келеді. «Абайдың туған күніне арнау», «Жеңіс», «Аралға – бөгенге», «Гүл көктем», «Байрағындай тірліктің», «Экология», «Сары-Арқам», «Заман осы», «Шәкірттеріме», «Долинка» т.б өлеңдерімен оқырмандарын сусындатып келе жатыр.




Ештанаев Ғазиз

1958 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы кеңшарында туған. 1976 жылы Шет ауданы орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге түсіп, машинист-тракторшы мамандығын алған. 1982 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмамдаған . 1982 жылы Шет орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  мектеп директоры, 1988 жылы республикалық тәжірибе сынақ нәтижесінде белгіленген ауылдық кеңес төрағасының мәдени жұмыстар  жөніндегі орынбасары,  мәдениет үйінің директоры, 1989 жылдан «Сарыарқа» газетінде (бұрынғы «Жезқазған туы») тілші болып қызмет еткен. 1992 жылдан бастап  Жезқазған педагогика институтының қазақ тілі және әдебиет кафедрасында оқытушы, 1996 жылы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 1998 жылы кафедра меңгерушісі қызметімен қоса факультет жанынан ашылған «Ұлттық тіл және әдебиет» проблемалық зертханасының меңгерушісі және Ұлытау ғылыми орталығының директоры қызметін атқарған. 2005 жылдан бері Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тәрбие  және жастар саясаты жөніндегі проректоры болып еңбек етті. Өлеңдері бірнеше ұжымдық жинақтарға енген.1996 жылы «Жыршуақ» деген атпен алғашқы жыр жинағы Жезқазған қаласында, 1999 жылы «Дүние-дүрмек» жинағы Алматы қаласында шыққан. Қалалық «Жыл ақыны» «2002) және жезқазған университеті Алтын белгісінің иегері. 1992 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1999 жылы «Доскей Әлімбайұлының әдеби мұрасы және Орталық Қазақстандағы ақындық дәстүр» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қазіргі уақытта «Тілтану әдістемелік орталығының» директоры. Сіздерге Ұлы Абайға арналған «Жалғыз арша немесе Ұлы Абайдың рухымен сырласу» өлеңін ұсынамыз.




 Көшенов Береке



  Береке Көшенов 1949 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Карл  Маркс атындағы совхозда бүгінгі Ш.Ералиев атындағы совхозда дүниеге келген. Әнші,  сазгер, ақын, ҚР еңбек сіңірген артисі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы.
   1975 жылы Жезқазған облыстық Т.Қалмағанбетов атындағы филармониясына эстрадалық  әнші ретінде қабылданып, бүгінге дейін қызметін жалғастыруда. Береке Көшенов жұртшылықты әнмен сусындата білген. 1975 жылы бастап «Жезкиік» ансамблінің әншісі, бүгінде жетекшісі. Концерттік сапармен Қазақстанның түкпір-түкпірін шарлаған ол  қазақ өнерін Ресей, Прибалтика, Өзбекстан, сол сияқты Исландия, Германия көрермендеріне де таныстырып қана қоймай, сұлу үнмен олардың ілтипатына бөлене де алды. Әндері Қазақ радиосының «Алтын қорына» жазылған. «Туған жер», «Жылдың басы-Наурыз», «Шаттық қайда күлген», «Ана деген», «Ақ тілек» «Жезқазған», «Барлығы да менікі», «Махаббатқа мың өртеніп» т/б әндердің авторы.
          Береке әнші ғана емес ақын екенін де мойындатқан жан. Әндері эфир арқылы күнделікті шырқалып жатса,өлеңдері мерзімді баспасөз арқылы жыр сүйер қауымның көңіліне жаттаулы. «Көңілімнен ұшады кептер өлең», «Әнге ғашық жүрек», «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинақтарының авторы. Б.Көшеновтің              «Ұлы Абайға» өлеңі 2009 жылы Алматы: ҚазАқпарат баспасынан жарық көрген «Жырлайды жүрек» кітабына енгізілген.




 Көшербаев Ержан Кұрмашұлы


Көшербаев Ержан Кұрмашұлы 1976 жылы 5 тамызда Жезді қалашығында дүниеге келген. Ержан 1993 жылы  Жезді  №6 орта мектебін бітірген соң, Жезқазған университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп,  осы мамандық бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын Жезқазғандағы №8  қазақ гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін 3-4 жыл көлемінде Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағында қызмет атқарды. Бүгінде Ержан Құрмашұлы Жезқазғандағы №133 мектептің директоры. Қарағанды облыстық мүғалімдер білімін жетілдіру институтынан оқу мен жазу арқылы «Сын тұрғысынан ойлаудың» толык курсын бітірген. 1999 жылы Қарағандыда өткен пән мұғалімдері олимпиадасында жүлделі III орынға ал, «Жыл мұғалімі-2002» облыстық байқауда жүлделі I орынға ие болған.
   Үнемі ізденісте, даму жолында еңбек етуде. Ержан Құрмашұлы қат-қабат жұмыстан қолы қалт еткенде көңілін тербеген ойларды өлеңмен өрнектеп қоятын қасиеті бар. «Ұстаз деген...», «Ұстаз болып тудым мен!», «Жаңа жылым жарылқа», «Осы өңірге кіндігім бар байланған...» т.б өлеңдері жергілікті «Сарыарқа» газеттеріне шығып тұрады. Көшербаев Ержанның «Абайды оқы, Абайды оқы, жарқыным!» өлеңі Жүрсінбек Байниязұлының 2005 жылы Алматы баспасынан шыққан  «Білім бәйтерегі» кітабына енгізілген.



Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы


Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы 1948 жылы туған.  Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Журналистер  одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы Сейілхан Асқаров  атындағы сыйлығының лауреаты (1993). ҚазМУ-нің журналистика  факультетін бітірген (1972). Ұлытау селолық клуб үйінің директоры  (1967),  Жезді аудандық  "Октябрь туы"  газетінде әдеби қызметкер,  бөлім меңгерушісі (1971-1972),  "Ұлытау өңірі" газетінде бөлім  меңгерушісі (1972-1980), Ұлытау аудандық Кеңесі атқару комитетінде  бөлім меңгерушісі (1980-1981), "Жезқазған туы" газетінде әдеби  қызметкер, бөлім меңгерушісі (1982-1997), "Сарыарқа" газеті    редакторының орынбасары (1997), тәуелсіз "Наз", "Дауа" газеттерінің бас редакторы (1998-2004). ҚР Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталған (1993). Б.Мырзабеков - "Тас бұлақ" (1995), "Ұлытаудың ұлымын" (1995) жыр жинақтарының, "Ұлытау - ұлттың ұясы" (2001) тарихи-көркем, публицистикалық кітабының, «Аңшының әңгімесі» (2004), «Алты белді асуы» (2008), «Қос батыр» жинақтарының авторының бірі. Абайдың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының жеңімпазы Батырбек Мырзабековтің «Қарауылдың  басында »,  « Абай сөзі »  өлеңдерін оқырманға ұсынамыз.




Траисова Үміткүл Олжайқызы 


Траисова Үміткүл Олжайқызы Жетісу өлкесінде 1951 жылы дүниеге келген. Алматы қаласындағы бухгалтерлік мектебін және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1974 жылдан бастап, Жезқазған қаласында тұрады. Әлеуметтік қорғау басқармасында жетекші маман болып қызмет атқарады.                                     Ілияс Жансүгіров атындағы қордың мүшесі,  «Білім» LTD компаниясының меншікті тілшісі. Облыстық байқаудың жүлдегері  және Ілияс Жансүгіров шығармашылығын қолдағаны және насихаттағаны үшін бірнеше мәрте дипломмен марапатталған. Бірнеше кітаптың авторы: Бақыт бағы. Жыр жинағы (2001ж), Жұлдыз ғұмыр. Өлеңдер мен толғаулар (2003ж), Мен тау қызымын. Ел-шежіре (2007ж). Кеңгірдің кербез толқыны. (1999ж) Топтамасының ішіне бірнеше өлеңдері енгізілген. Үміткүл Олжайқызының жан сезімі, дүниетанымы, жүрек лүпілі туған елінің, өскен ортасының жарқын тұлғаларына арналған өлеңдері жергілікті «Мысты өңір», «Сарыарқа» газеттеріне де жарияланып тұрады.  Үміткүл Олжайқызының өлеңдері айтар ойын анық жеткізе алатын,  шыншылдығымен құнды. Оқырмандарға «Абай» өлеңін ұсынамыз.